Қанат Үмбетов
Текст

Қыздар

Қанат Үмбетов

Оцените песню: Голос вверх 78 Голос вниз 2

98%
3%
Қарындастарым, Қарлығаштарым
Жаза алмай жүрген жалын дастаным.
Жанартау болып жарылды кеудем,
Сендерге арнап әнім бастадым.
Жанартау болып жарылды кеудем,
Сендерге арнап әнім бастадым.
 
Қайырмасы:
Қыздар, қыздар!
Еліктірдіңдер елікпеген ем!
Желіктірдіңдер, желікпеген ем!
Әттең-ай, әттең, жүрегім – жалғыз,
Бәріңе бірдей бөліп берер ем!
Әттең-ай, әттең, жүрегім – жалғыз,
Бәріңе бірдей бөліп берер ем!
 
Қырмызы қызыл гүлсіңдер ме екен,
Бақытыңды іздеп жүрсіңдер ме екен.
Құлпырған қырда қызғалдақсыңдар,
Жұмбақ жансыңдар бір сыр бермеген.
Құлпырған қырда қызғалдақсыңдар,
Жұмбақ жансыңдар бір сыр бермеген.
 
Қайырмасы:
Қыздар, қыздар!
Еліктірдіңдер елікпеген ем!
Желіктірдіңдер, желікпеген ем!
Әттең-ай, әттең, жүрегім – жалғыз,
Бәріңе бірдей бөліп берер ем!
Әттең-ай, әттең, жүрегім – жалғыз,
Бәріңе бірдей бөліп берер ем!
 
Ақ қанат ару арманбысыңдар,
Жанымды жаулап алғанбысыңдар?
Сыланған әсем аққуымсыңдар,
Аспан көгінде самғап ұшыңдар!
Сыланған әсем аққуымсыңдар,
Аспан көгінде самғап ұшыңдар!
 
Қайырмасы:
Қыздар, қыздар!
Еліктірдіңдер елікпеген ем!
Желіктірдіңдер, желікпеген ем!
Әттең-ай, әттең, жүрегім – жалғыз,
Бәріңе бірдей бөліп берер ем!
Әттең-ай, әттең, жүрегім – жалғыз,
Бәріңе бірдей бөліп берер ем! -