1.Салқын, салқын таң ата, қосылайық еркем – ай.
Балалықпен қоштасып, қосылайық еркем – ай.
Қ / сы: }2 рет.
Келін келсе, жеңгесі өзің
Бейнетіңе көнген өзің,
Қосылайық еркем – ай 2.
2.Ақ отаудың түндігін, ерте ашарсың еркем – ай.
Балалықпен сол түні, қоштасарсың еркем – ай.
Қ / сы: } 2 рет.
От жағарсың, шай қайнатып
Әлдейлерсің бала ойнатып,
Қосылайық еркем – ай 2.
3.Сүйте, сүйте алма бетті, әжім басар еркем – ай.
Ине – жіпке көз жетпей, назың қашар еркем – ай.
Қ / сы: } 2 рет.
Сен емес пе ең, маған теңдес,
Әкең көнсе, шешең көнбес.
Әттең тонның келтесі – ай 2.
Қ / сы: } 2 рет.
От жағарсың, шай қайнатып
Әлдейлерсің бала ойнатып,
Қосылайық еркем – ай 2.
Әттең тонның келтесі – ай 2.