Қанат Үмбетов & Әлия Әбікен & Асылжан Абдулла
Текст

Келе жатыр құс қайтып

Қанат Үмбетов & Әлия Әбікен & Асылжан Абдулла

Оцените песню: Голос вверх 33 Голос вниз 2

94%
6%
Көктемді қондырып қанатына
Құс қайтып оралды Алматыма
 
Ән толды аспанға
Құс қонды жас талға
Бақыт кеп қол алғандай
Бақыт кеп қол алғандай
 
Құстарды мен тостым
Айғайлап ән қостым
Арманым оралғандай
 
Қайырмасы:
Қуандым жарқылдап
Мәз болдым ән тыңдап
Құшақтап арманымды
Құшақтап арманымды
 
Оянған армандай жаз таңында
Келеді құс қайтып аспанымда
 
Аспаным ашылды
Ән маржан шашылды
Шаттық бар жас жанымда
Шаттық бар жас жанымда
 
Оралды арманым
Оралды көктемім
Қол алды достарым да
 
Қайырмасы:
Сағыныш сәулемі
Қус қайтып келеді
Ән салып туған жерге
 
Келеді аспанда құстар қайтып
Сағыныш арманын ән ғып айтып
 
Алатау қабылда
Орашы сағымға
Бақыт деп маған келген
Бақыт деп маған келген
 
Саған кеп қонатын
Сыйпашы қанатын
Көктемгі майда желмен
 
Қайырмасы:
Көңілде ойнасын
Бақытын тойласын
Келді ғой туған жерге

Другие песни от Қанат Үмбетов & Әлия Әбікен & Асылжан Абдулла