Қанат Қырғызалы
Текст

Сүю бөлек

Қанат Қырғызалы

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

Алда мейлі алдама
Үмітіңнің жібін жалғама
Саған деген сезім жоқ
Сен асықтың сәл ғана
Өз өзіңді қорлама
Сен маған хат жазып жолдама
Мен сені жай ұнаттым
Бар болғаны сол ғана
 
Көңілден шықпадың қайтейін енді
Оған тек мінезің ғана себеп
Сол үшін көз жасты тыйылып керек
Ұнату бір басқа сүю бөлек
 
Мен барымды берер ем
Байқамадым оны мен
Ұнатқан соң мен сені
Сүйіп кетем деген ем
Өкпелеме күз келсе
Үміт жібін мейлі үзбе сен
Бақыт деген менде де
Сенде де бар іздесең
 
Көңілден шықпадың қайтейін енді
Оған тек мінезің ғана себеп
Сол үшін көз жасты тыйылып керек
Ұнату бір басқа сүю бөлек

Другие песни от Қанат Қырғызалы