Қанат Əбдіраман
Текст

Мен тойыңда болғанмын

Қанат Əбдіраман

Оцените песню: Голос вверх 2240 Голос вниз 28

99%
1%
Тосын сыйы көп болса да жалғанның
Мен осылай қолдан жасап алғам мұң
Жүрегіңнің әміріне бағынбай
Тұрмыс құрдың
Мен тойыңда болғанмын
 
Ай жүзіңе тұр ғой бәрі таласып
Сен бір жан ең мейірімді жаны ашық
Мен сыртыңнан тоймай қарап көп тұрдым
Той көйлегің тұр өзіңе жарасып
 
Әсем жүзің әп-әдемі нұрланып
Мені көрдің сосын кеттің мұңданып
Ең соңғы рет сыйлайын деп алып бардым
Өзің жақсы көретұғын гүлді алып
 
Махаббатқа керектігі ең сенім
Махаббаттың табам десең бөлшегін
Арамызда сезім өшпей тұрғанда
Анаңызға келін болам деуші едің
Арамызда сезім өшпей тұрғанда
Анаңызға келін болам деуші едің
 
Шерленемін іштей жылап тынсамда
Бақыттымын сен бақытсыз қылсаң да
Мен де сендей бақыттымын өтірік
Бақ тіледім іштей қимай тұрсам да
 
Жалғаны көп, арманы көп бес күнде
Мен осылай бақытты мұң кештім бе
Сүйгенінің тойын көру жалғанда
Бір тілерім жазбаса екен ешкімге
Сүйгенінің тойын көру жалғанда
Бір тілерім жазбаса екен ешкімге