Аралап баралап сансыз гүлдерді
Ашылған бір нәзік гүл көрдім
Аңқыған иісіне жүріп мас болып
Азғырылдым үзбедім
Қарадым ойланып ойдың тереңі
Қыздарды ал нәзік гүлге теңедім
Қызығып әр қызды алдап сүйгенше
Қызылынан сүй деймін
қайырмасы:
Гүлдеп тұрған гүлді үзбе
Қыз аралап мыңды сүйме
Қыздың тағы обалы бар деген
Қадіріне жетпей арам жолда жүрме
Қарағым ойланып қыз көп демегін
Қыздарды аспандағы айға теңедің
Қыдырып әр қызға тисіп жүргенше
Қадіріне жет деймін
қайырмасы:
Гүлдеп тұрған гүлді үзбе
Қыз аралап мыңды сүйме
Қыздың тағы обалы бар деген
Қадіріне жетпей арам жолда жүрме