Ерке сезім ерік бермей еркіме
Шалындым ба махаббаттың дертіне
Сені ойлап өртенемін-күйемін
Ғашық оттың жалындаған өртіне
Басам қалай махаббаттың жалынын
Мен өзіңді бақытым деп таныдым
Сен де маған көңіл бөлші бір сәтке
Армандаған ай сәулелі аруым
Жүрегіңде бір сыр бар
Ей, жүрегіңде бір сыр бар
Көңілімде бір мұң бар, сұлуым
Тағат таппай сені ойлаймын
Жүрегіңде бір сыр бар
Ей, жүрегіңде бір сыр бар
Көңілімде бір мұң бар, сұлуым
Тағат таппай сені ойлаймын
Қолым жетпес ең қымбатты асылым
Армандаған қиялдағы ғашығым
Сезімімді білдіруге батыл алмай
Қарай беремін келбетіңе жасырын
Сүйдім сені шын бақытым екен деп
Ғашық жүрек аңсарына жетер деп
Махаббаттың отын бірге лаулатып
Жүрегіңде қалайыншы мекендеп
Жүрегіңде бір сыр бар
Ей, жүрегіңде бір сыр бар
Көңілімде бір мұң бар, сұлуым
Тағат таппай сені ойлаймын
Жүрегіңде бір сыр бар
Ей, жүрегіңде бір сыр бар
Көңілімде бір мұң бар, сұлуым
Тағат таппай сені ойлаймын