Ай мен уақыт жылжыған,
Жаймен бақыт сырғыған.
Өмір деген бір өтініш, бір күмән.
Көңіл бөлмей басқаға,
Түскен көңіл таспаңа
Өмір деген көзден аққан жас қана.
Қайырмасы:
Бұл өмір өтер бағынбай, бағынбай, бағынбай
Мүмкін емес кетуің, өкінбей, сағынбай
Бұл өмір өтер сағымдай, сағымдай, сағымдай
Қалған жұлдыз шығармыз жағылып, жағылмай
Жалған бәрі мұңды-мұң,
Шырылдайды шындығың,
Бұл өмір ғой, алмастырған бір-бірін.
Таусылғанда әл-дәрмен,
Алданасың сәл-бармен,
Өмір деген өтеді екен арманмен!