Индира Расылхан
Текст

Қайран өмірім

Индира Расылхан

Оцените песню: Голос вверх 2 Голос вниз

100%
0%
Тасқа біткен қына сынды мүк сияқты өмірім
Жапырақтың жанарында шық сияқты өмірім
Жанып біткен қызуы жоқ сияқты өмірім
Бірде ғажап бірде құны жоқ сияқты өмірім
Қайран өмірім
 
Қайран өмірім, сайран өмірім
Үнсіз ғана арпалысқан майдан өмірім
Қайран өмірім
 
Дауыл боран мүжіп біткен тау сияқты өмірім
Көктемге ынтық көз жамылған бау сияқты өмірім
Жылы жаққа ұша алмайтын құс сияқты өмірім
Таңда көрген таңғажайып түс сияқты өмірім
Қайран өмірім
 
Қайран өмірім, сайран өмірім
Үнсіз ғана арпалысқан майдан өмірім
Қайран өмірім
 
Қайран өмірім, сайран өмірім
Үнсіз ғана арпалысқан майдан өмірім
Қайран өмірім