Қайта, қайта сені көздерім
Іздеп талды
Ойға, ойға түсіп сөздерің
Күттім таңды
Жанарың жалындайды от бардай, шоқ бардай
Көзіңнің тұңғиығы тереңде
Баурадың сөздеріңмен жағам деп жанымды-ай
Көргім кеп іздей берем өзіңді
Қайда, қайда қашып тағдырдан
Кетер екен
Айда, айда жұлдыз болмаса
Бекер екен
Жанарың жалындайды от бардай, шоқ бардай
Көзіңнің тұңғиығы тереңде
Баурадың сөздеріңмен жағам деп жанымды-ай
Көргім кеп іздей берем өзіңді
(Жаным-ау бақыт сыйладым
Келсеңші жаным
Тағдырыңа сенсеңші)
Жанарың жалындайды от бардай, шоқ бардай
Көзіңнің тұңғиығы тереңде
Қайта, қайта сені көздерім
Іздеп талды