Дос іздедім сабалап Төлегендей
Дос іздедім қалың жұрт елегендей
Дос іздедім қуансам құшақ жайып
Дос іздедім сүрінсем жебегендей
Болса дедім басымда бағалайды ау
Тынық көлге тас атпай жағалайтын
Құрақ құрақ көңілдей
Дос іздедім дос бол деп жалынбайтын
Ірілі уақ күнімен қабылдайтын
Дос іздейтін жаханда жаны қайсар
Сөндірем деген сайын жалындайтын
Болса дедім басында бағалайтын
Тұнық көлге тас атпай жағалайтын
Құрақ құрақ көңілді ай жамай біліп
Мансабына даңқына қарамайтын
Дос іздедім сүрінсем жебегендей
Болса дедім басымда бағалайды ау
Тынық көлге тас атпай жағалайтын
Құрақ құрақ көңілдей
Дос іздедім дос бол деп жалынбайтын
Ірілі уақ күнімен қабылдайтын
Дос іздейтін жаханда жаны қайсар
Сөндірем деген сайын жалындайтын