Сен жалынсың жауында кінә барма
Бір қарауға шыдармын шыдағанға
Жарқыным ау жанымды сүймек түгілі
Жақындауға қиын ғой тірі адамға
Қайырмасы
Домалайды дүние доптай болып
Ешбір теңің сен жүрсең жоқтай болып
Көгілдірмей көзіме көрінші ылғи
Түнгі таудан көрініп оттай болып
Сен жалынсың жауында кінә барма
Қарттықта бір келеді тірі адамға
Жаутаң жаутаң қарарсың сенде маған
Жастығыңның жалауы құлағанда
Жолатпайсың жаныңа оттай болып
Көз қарасың барады шоқтай қарып
Бірте бірте кетесің біре кеттің
Ошағыңда жанатын отқа айналып
Қайырмасы
Домалайды дүние доптай болып
Ешбір теңің сен жүрсең жоқтай болып
Көгілдірмей көзіме көрінші ылғи
Түнгі таудан көрініп оттай болып