Өзіңе баратын жол жырақ
Сол үшін аңсайды жан жылап
Түсімде сенімен қоштастым
Түс емес екен ғой ол бірақ
Ұйқымды ұрлайды түн айлар
Айлы түн жаңбырсыз жылайды
Көңілім дәл солай мұңайды
Сені ойлап мұңайған ұнайды
Сағынып кеттім себебі
Айтатын сөзім көп еді
Жолығып саған соңғы рет
Құшақтап алғым келеді
Жүректен өшпей тұр бір алау
Мәңгілік алаулап тұрады ау
Жүректен өшпей тұр бір алау
Өзіңді сүйгеннен шығар ау
Айға да түнге де мұң шағам
Бар әлем ұқсайды бір саған
Қай жанның бақыты болсаң да
Жаным ау әйтеуір жүрші аман
Сағынып кеттім себебі
Айтатын сөзім көп еді
Жолығып саған соңғы рет
Құшақтап алғым келеді
Сағынып кеттім себебі
Айтатын сөзім көп еді
Жолығып саған соңғы рет
Құшақтап алғым келеді
Сағынып кеттім себебі
Айтатын сөзім көп еді
Жолығып саған соңғы рет
Құшақтап алғым келеді