Күлгені әдемі мейрімді жан еді
Анамның сөздері бал тәтті жан емі
Мән берген жаныма нәр берген тағыда
Анашым жүрегім шүкір барыңа
Еркесі елігім сөзіңе ерідім
Бір уайым кім екен өмірлік серігің
Көз тимей көркіңе сөз тимей еркіңе
Тілеуім сен ғана берік бол сертіңе
Қайырмасы
Ай ай жадырап жайнайық
Күлімдеп ойнайық
Көтерейікші көңілді
Ренжісіп қалмайық
Біз бірге самғайық
Шын бағалайыұ өмірді
Қызымау алтыным қасыңда шалқыдым
Айтарым өзіңе тілімді ал күнім
Ақылды аппағым сенімді ақтағын
Мен үшін бақыт ғой бағыңды тапқаның
Анашым ардағым тек өзің бар бағым
Аялап өту ғой өзіңді ардағым
Қасымда ақылшым ажарың ашылсын
Әлемде мен үшін асылдан асылсың
Қайырмасы
Ай ай жадырап жайнайық
Күлімдеп ойнайық
Көтерейікші көңілді
Ренжісіп қалмайық
Біз бірге самғайық
Шын бағалайыұ өмірді