Ғазизхан Шекербеков
Текст

Шүкіршілік

Ғазизхан Шекербеков

Оцените песню: Голос вверх 437 Голос вниз 9

98%
2%
Аллаға шүкір тірімін, бақыттылардың бірімін,
Адамның бәрі сүйетін, Алланың ғана құлымын.
Алдама арман алдама, тіліміз келді тәубаға,
Осы өміріме ризамын, шүкір етемін Аллаға
 
Өмірге адам боп келгеніме,
Көзіммен айналаны көргеніме ШҮКІРШІЛІК,
Алладан жоқ нәрсені сұрап алдым,
Барымды жоқ адамға бергеніме ШҮКІРШІЛІК.
 
Біз адамдар бір-бірімізбен сыйласуға, ғана туғанбыз,
Жаратқанға шүкір деу үшін жаратылғанбыз
 
қайырмасы:
Аллаға шүкір тірімін, бақыттылардың бірімін,
Адамның бәрі сүйетін, Алланың ғана құлымын.
Алдама арман алдама, тіліміз келді тәубаға,
Осы өміріме ризамын, шүкір етемін Аллаға
 
Көзімді ашып қайта жұмғаныма,
Қайталап КӘЛИМАны тұрғаныма ШҮКІРШІЛІК,
Төбемде желбіреген көк байрақтың,
Астында қазақ болып туғаныма ШҮКІРШІЛІК
 
Біз адамдар бір-бірімізбен сыйласуға, ғана туғанбыз,
Жаратқанға шүкір деу үшін жаратылғанбыз