Құмарсың, сонша құмарсың
Ес-түссіз ғашық шығарсың
Шыдарсың, қалай шыдарсың
Басқаша болса бәрі
Жылынам деп махаббатқа тым артық
Күюдің жоқ керегі мүлде
Сүйгенімді біліп тұрып құмартып
Сұрайсың көп себебін күнде
Сезбестей қып сүйші жайлап ешкім
Мен де Мәжнүн сен де Ләйлі емессің
Басқамыз
Мейлі күндер көшіп айлар жетсін
Көңіліңнен жайсыз ойлар өшсін
Бірақ
Құмарсың, маған құмарсың
Ес-түссіз ғашық шығарсың
Құмарта берме жыларсың
Сүйе бер аңсағаным
Айтшы маған құмарсың, сонша құмарсың
Онсызда маған сыңарсың
Шыдарсың, қалай шыдарсың
Басқаша болса бәрі
Сезімімді сездіргенде мың айтып
Түн өтпейді күн шығады әрең
Абайсызда алам ба деп мұң айтып
Сезіміңе тұншыға берем
Үнсіз кейде сенен кетсем деймін
Сағындырып елеңдетсем деймін
Бір сынақ
Сенен кетсем саған елеңдеймін
Сезімімді санам жеңер деймін
Шыдап
Құмарсың, маған құмарсың
Ес-түссіз ғашық шығарсың
Құмарта берме жыларсың
Сүйе бер аңсағаным
Айтшы маған құмарсың, сонша құмарсың
Онсызда маған сыңарсың
Шыдарсың, қалай шыдарсың
Басқаша болса бәрі
Құмарсың, маған құмарсың
Ес-түссіз ғашық шығарсың
Құмарта берме жыларсың
Сүйе бер аңсағаным
Айтшы маған құмарсың, сонша құмарсың
Онсызда маған сыңарсың
Шыдарсың, қалай шыдарсың
Басқаша болса бәрі