Кездесем, сезбестен оянған сезімді
Көз ілмей өтуші ем сан мәрте өзіңді
Күн өтті көрмедім жүректі тербедің
Тауысып мендегі бар тағат-төзімді
Келмей, келмей қинадың
Көрмей қиналдым, сенбей
Нендей, нендей күй жаным
Болса дағы ризамын
Есімнен айырып елестей жоғалдың
Сен қалай ауамдай қажетім боп алдың
Кездеспей тағы да көңілсіз оралдым
Көрінші көзіме өзіңдей болар кім
Келмей, келмей қинадың
Көрмей қиналдым, сенбей
Нендей, нендей күй жаным
Болса дағы ризамын
Келмей, келмей қинадың
Көрмей қиналдым, сенбей
Нендей, нендей күй жаным
Болса дағы ризамын