Көзіңде мұң барын байқадым да
Көңілде көп ойлар шайқалуда
Мен келдім мұңыңды сейілтуге
Өткен күн есесін қайтаруға
Жоғалтқан күндердің парағын
Таба алмай жүрсің бе қарағым
Қасыңдамын, жасырмағын
Сырыңды менен, жаныңды жеген
Тасып қаның асықпағын
Құшағын жайған махаббат майдан
Сыбырлап сырыңды айт құлағыма
Сәт соған арналған сірә мына
Маза бермей жүрген көңіліңе
Бір жауап аларсың сұрағыңа
Алдыңда бақытты күндерің
Мен енді сенімен біргемін
Қасыңдамын, жасырмағын
Сырыңды менен, жаныңды жеген
Тасып қаның асықпағын
Құшағын жайған махаббат майдан