Қадірім жоқпа жүрген соң бірге күнде
Шешіміңді әлде өзгерткің келіп жүр ме
Алаңдап жүргенше босқа мені алдап
Не керегін өзіңнен нақты ізде
Қайырмасы:
Келесің бір күні айналып
Қалғанда жалғыз жайланып
Мен жүрем сосын ойланып, сен
Басымды қатырма,
Қатырма мақұлма?
Бір күнің гүл боп бір күнің шөл боп жүрсек
Қуалап жүру қиынға соғар білсең
Адасып қалғанша босқа сені таппай
Өзіммен өзім дұрыстау өмір сүрсем