Өтірік те айта алмай
Шын айтуға бата алмай
Араластырып екеуін әбіржідім-ай
Жас жүрегім елжіреп
Көз жанарым мөлдіреп
Қайта айналып келіп тұрмын
Сағындырып-ай
Меніңше бәрін білесің
Білмеген болып жүресің
Кінәм болғанымен
Көңілің қалғанымен
Сабырлық танытып күлесің
Жақсы ма екен, жаман ба екен білмедім
Өтірік те айта алмай
Шын айтуға бата алмай
Араластырып екеуін әбіржідім-ай
Жас жүрегім елжіреп
Көз жанарым мөлдіреп
Қайта айналып келіп тұрмын
Сағындырып-ай
Сенбейсің кейбір сөзіме
Көрінбе дейсің көзіме
Соған мұңайдым да
Бірақ шыдаймын да
Қайтейін сол керек өзіме
Жақсы ма екен, жаман ба екен білмедім