Қара шашың иығыңа төгілген,
Қара көзің не жылаған, не күлген,
Толғап өтті менің тұла бойымды,
Бала кезден саған ғашық едім мен.
Қайырмасы:
Ұғу қиын адам жанын, білем мен,
Не ұғасың қабағымнан түнерген?
Білгің келсе, қара менің көзіме,
Мен жайында сұрамашы біреуден.
Жүрегімде жоқ алдамшы бөтен ой,
Алдай алсаң, сен-ақ алдап кете ғой.
Тағдырды адам мойындаған секілді,
Махаббат та мойындайды екен ғой.
Қайырмасы:
Ұғу қиын адам жанын, білем мен,
Не ұғасың қабағымнан түнерген?
Білгің келсе, қара менің көзіме,
Мен жайында сұрамашы біреуден.