Гауһар Әлімбекова
Текст

Жан құрбыма

Гауһар Әлімбекова

Оцените песню: Голос вверх 15 Голос вниз

100%
0%
Сен әнші аққу құрбымсың
Айдын шалқар көлдегі.
Өзек жарған кім білсін
Өкініш мұңды сендегі.
 
Қайырмасы:
Балауса балғын шақ қалды артта
Аяулым, жаным, жан досым.
Бақытты өмір тілеп саған
Жүректе қалсын осы әнім.
 
Тағдыр солай жаратқан
Бой жетсе қыз деген жат жұртта.
Бота көзім мені ұмытпа
Екеуміз енді екі жақта.
 
Қайырмасы:
Балауса балғын шақ қалды артта
Аяулым, жаным, жан досым.
Бақытты өмір тілеп саған
Жүректе қалсын осы әнім.
 
Ата-анаңның аяулы
Қызы едің босаға аттадың.
Мөлдіреген көзің жәудіреп
Қиып кеттің-ау мені құрбым.
 
Қайырмасы:
Балауса балғын шақ қалды артта
Аяулым, жаным, жан досым.
Бақытты өмір тілеп саған
Жүректе қалсын осы әнім.