Гауһар Әлімбекова
Текст

Таңғы сыр

Гауһар Әлімбекова

Оцените песню: Голос вверх 11 Голос вниз

100%
0%
Таң едi жарық, нұрлы,
Аппақ қар жауып тұрды.
Жай басып келе жаттың күлiп.
Бiр сезiм өптi менi,
Кеудемдi тепкiледi,
Жанымды кернеп ақты үмiт.
 
Қайырмасы:
Сырымды ақтарамын,
Сенсiң ғой, сенсің ғой тапқан әнiм –
Ақ таңда ақша қарға 
Шомылған ақ маралым. 
 
Көрдiң де, баяуладың,
Қасыма аялдадың,
Жүзiңе аппақ арай тұнып.
Бiр ортақ ән ұштасып,
Екеумiз қол ұстасып,
Бiз кеттiк баққа қарай жүрiп.
 
Қайырмасы:
Сырымды ақтарамын,
Сенсiң ғой, сенсің ғой тапқан әнiм –
Ақ таңда ақша қарға 
Шомылған ақ маралым. 
 
Әлi де, бiлесiң бе,
Сол бiр шақ жүр есiмде.
Дариға күндер едi тұнық.
Жаным-ау мөлдiр көздi,
Ұмытпа сол бiр кездi,
Сол нұрмен күнде менi жылыт.
 
Қайырмасы:
Сырымды ақтарамын,
Сенсiң ғой, сенсің ғой тапқан әнiм –
Ақ таңда ақша қарға 
Шомылған ақ маралым.