Гауһар Әлімбекова
Текст

Ойнама махаббатпен

Гауһар Әлімбекова

Оцените песню: Голос вверх 7 Голос вниз

100%
0%
Жаным деп, сәулем десіп,
Жүруші ек дәурен кешіп.
Арамыз алыстады, неге?
Қиынға жасып қалмай,
Баяғы ғашықтардай,
Жолымыз тоғыспады, неге?
 
Қайырмасы:
Аңсаймын, алаңдаймын,
Өзіңді таба алмаймын.
Іздеуді доғармаймын, бірақ...
Сен мені арбап, күліп,
Көрсетіп шәрбат қылық.
Айлы кеш, алма бақта,
Жүруші ек қар лақтырып.
 
Көзсіз бір көбелек пе ең?
Махаббат деген отпен
Неліктен ойнадың сен, күнім?
Амал бар менде қандай?
Өртімді сөндіре алмай,
Өзіңді ойладым мен бүгін.
 
Қайырмасы:
Жаныммен сен ұқпаған,
Қайтадан жолықпаған,
Тағдырым болып қалам, мәңгі.
Уақыт па қатал еткен,
Кімнен бұл қате кеткен?
Отпенен ойнасаң да,
Ойнама махаббатпен.
 
Жыл өтті, ғасыр өтті,
Мендегі қасіретті -
Айнасы ғашықтықтың, деймін.
Таусылды бар шыдамым,
Көзімнің тамшыларын
Сағынып, шашып біттім, мен.
 
Қайырмасы:
Бейуақыт күрсінгенім,
Жанымда жоқсың менің,
Қалса да құр сүлдерім, күтем.
Айлы кеш, алма бақта,
Мінгендей арман атқа,
Сырласып жүргеніміз,
Жадыңда бар ма, жоқ па?..
Уақыт па қатал еткен,
Кімнен бұл қате кеткен?
Отпенен ойнасаң да,
Ойнама махаббатпен. -