Гауһар Әлімбекова
Текст

Көктемгі жаңбыр

Гауһар Әлімбекова

Оцените песню: Голос вверх 59 Голос вниз 2

97%
3%
Қалаға жаңбыр құйды.
Жолыңа қарап тұрмын,
Жолыңа қарап тұрмын тереземнен.
Қоштасып сен кеткенде,
Дәл осындай көктемде,
Дәл осындай көктемде келем деп ең.
 
Қайырмасы:
Өттi, мiне, көктем талай,
Ұмыттың сен менi қалай?
Жүзiң арай, сөзiң балдай,
Күте-күте көзiм талды-ай.
 
Ал жаңбыр шелектеуде,
Жылады теректер де,
Жылады теректер де су-су болған.
Сағыныш керек неге?
Әйтеуiр сол көктемде,
Әйтеуiр сол көктемде бiр сыр қалған.
 
Қайырмасы:
Өттi, мiне, көктем талай,
Ұмыттың сен менi қалай?
Жүзiң арай, сөзiң балдай,
Күте-күте көзiм талды-ай.