Желбіреген жалауы едің жанымның
Ертегідей қызығыңды сағындым.
Мені көрсең үн қатпастан өтесің
Ақ сәулем-ау қайрылмасай неғылдым.
Қайырмасы:
Тағы –тығы өліп-талғын дейсің бе?
Жалыныма күйіп-жансын дейсің бе?
Ләйлісіне жете алмастан жынданған
Енді маған Мәжнүн болсың дейсің бе?
Қуаныштан жарылардай жүрегім,
Бақытымды таптым-ау деп, жүр едім.
Қарасаңшы менің жүдеу жүзіме,
Бір өзіңді ойлай-ойлай жүдедім.
Қайырмасы:
Тағы –тығы өліп-талғын дейсің бе?
Жалыныма күйіп-жансын дейсің бе?
Ләйлісіне жете алмастан жынданған
Енді маған Мәжнүн болсың дейсің бе?
Өміріме ажар берген гүлім-ай
Балдауреннің, татулықтың шырыны-ай,
Айдың көлде қатар жүзер аққудай
Келші-келші жарқыраған күнім-ай.
Қайырмасы:
Тағы –тығы өліп-талғын дейсің бе?
Жалыныма күйіп-жансын дейсің бе?
Ләйлісіне жете алмастан жынданған
Енді маған Мәжнүн болсың дейсің бе?