1.Сен маған тамыр жайдың.
Содан бері тұғандай жанымда Ай, Күн.
Бейғам, бей-жай тірлігім былай қалып,
Сағына, аласұра, жалындаймын.
Қайырмасы:
Көктемнің шуғындай,
жанымнан жыр арылмай,
Өзіңе кездескелі, күнім-ау,
күнімнің бәрі думан.
Кешейін жалындарды,
Шаршасын жаным мәңгі,
Суюден, сағынудан.
2.Сол сәттер жан ұғысқан:
Сүю деген тұрады ма сағыныштан?
Көңілім – құс көгіңде шарықтаған,
Жүрек – тұлпар озіңе алып-ұшқан.
-