Көгiмдегi қол созым құмар құсым,
Көңiлiмдi айтқызбай ұғармысың.
Сапардан алыс-алыс оралғанда,
Айдай толып алдымнан шығармысың.
Қайырмасы:
Бақ құсым-ау басыма келiп қонған,
Кетейiншi жолыңа болып құрбан.
Тағдырыма мың тәубе айтпаймын ба,
Ойда-жоқта өзiңдi жолықтырған.
Жанарыма жазықсыз толғанда мұң,
Басыма кеп сенбiсiң қонған бағым?
Мынау жарық жалғанда үмiтiмнiң
Ендi өзiңмен көрейiн жалғанғанын.
Қайырмасы.