Сараңдау күлкiмдi ұрлап арзан ұғым,
Сағыныш жүрегiме салды әжiмiн.
Атаусыз қалып қойған мерекедей,
Алдыңда болды неге аз қадiрiм?
Қайырмасы:
Өтсе де тойсыз күндер алға асыға,
Берiлмес қыз жүрегi жалға, сiрә.
Кош, ендi, көңiлiмнiң ерке құсы,
Арманның бәрi тәттi алғашында!
Жаныма жұлдыз аққан түн ұнайды,
Алмады-ау үмiтiмнiң бiрi бәйгi.
Отансыз қалғаныңдай күй кештiрер
Тонатқан сезiмiңдi ұлы қайғы
Қайырмасы:
Өтсе де тойсыз күндер алға асыға,
Берiлмес қыз жүрегi жалға, сiрә.
Кош, ендi, көңiлiмнiң ерке құсы,
Қозғалған ырғағында баппен дене,
Алыста биге барған сәттер неге?
Жоқ болсақ, ендi екеумiз жоқ шығармыз,
Өмiрде махаббат бар қайткенде де!
Қайырмасы:
Өтсе де тойсыз күндер алға асыға,
Берiлмес қыз жүрегi жалға, сiрә.
Кош, ендi, көңiлiмнiң ерке құсы,