Гауһар Әлімбекова
Текст

Әлдилесін махаббат ән бесігін

Гауһар Әлімбекова

Оцените песню: Голос вверх 7 Голос вниз

100%
0%
Махаббат оты лаулап қоя алған ба,
Шырт ұйқымнан сені іздеп оянғанда.
Сағыныштың сарқылмас сазы тербеп,
Жүргендей боласың сен таяу маңда.
 
Қайырмасы:
Қиялмен арманыма жүз барамын,
Сарғайған сағыныштың тыңдап әнін.
Жалғызсырап іздейді қайран жүрек,
Күтемін, жабығамын, мұңданамын.
 
Көп алданып үмітке келер деген,
Көз талдырып жолыңа елеңдеп ем.
Мағынасы өмірдің болмас, сірә,
Нұрына махаббаттың бөленбеген.
 
Қайырмасы:
Қиялмен арманыма жүз барамын,
Сарғайған сағыныштың тыңдап әнін.
Жалғызсырап іздейді қайран жүрек,
Күтемін, жабығамын, мұңданамын.
 
Өрнек салып сиқырлы көл бетіне,
Мамырлайды қос аққу тербетіле.
Махаббат ән бесігін әлдилесін,
Сөнбейтін сезім төгіп жер бетіне!
 
Қайырмасы:
Қиялмен арманыма жүз барамын,
Сарғайған сағыныштың тыңдап әнін.
Жалғызсырап іздейді қайран жүрек,
Күтемін, жабығамын, мұңданамын.