1.Бұл өмір қас-қағым сын
Сүйеніш асқарымсың.
Әкешім жырлап өтер
Мәңгілік дастанымсың.
Қайырмасы:
Құтты болсын жан әке шат-мерекең,
Ұрпағыңа ұлассын бақ - берекең.
Бал күнім еркелеген
Бақытты сәттер екен.
2.Арманға жетелеген
Заңғар ғой Әке деген.
Парызым көп-ау менің
Алдыңда өтемеген.
3.Көзіндей сан алыптың
Өзіңнен даланы ұқтым.
Шаштарың қырау шалған
Белгісі Даналықтың.
-