Таппай дала теңіз көлден
Шартараптан сені іздеумен шаршадым
Жан сергітер таң самалын
Таусылды ғой барша амалым асыл аңсарым
Ғашық жанға барма тыным
Көшесінен Алматының сені іздедім
Тоғысса деп тағдырымыз
Бір болар деп ән жырымыз
Күдер үзбедім....
Кездесуді армандадым сағыныштың салған дәнін жүрегім
Өзіңді ойлап шапағатым тарттым азап махаббаттың
Таппай бір емін...
Ғашықтарға балай алса
Қараңғы түн қалай аңсап келсе жарық
Қас сұлудың теңісінде
Құтты солай мен үшінде керексің жаным!
Сезбей сезім сырын ізгі
Байқамай бір бірімізді екеуміз
Жолда талай шиырланған іздеп алыс қиырлардан жүрген екенбіз
Енді мәңгі серікпісің гүлдей нәзік көріктісің бақта жайнаған
Орындалды сол бір арман
Құлпырады сен қуанған шақта айналам