Ғашықтар дуэті
Текст

Тойла, тойла

Ғашықтар дуэті

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

 
Біз қос ғашық егіз жүрегі өмірден
Шың бақыт табу үшін тілегім
Өзің жанымда болсаң үнемі
Өмірдің бізге бөгет емес менің тілегім
 
Әдемі әдемісің көркемсің
Тек сенің қасында
Менің ғана еркемсің
Тасуда қаным тасуда
 
Арайлымсың айнамсың
Айналдым әніме
Әр күніміз тойлансың
Әрине жаным әрине
 
Қайырмасы:
Тойла тойла бірге күліп ойна ойна
Тәтті өмірдің қызығына тойма тойма
Тойла тойла қол ұстасып жайна жайна
Өмір жалған оны да бір ойла ойла
 
Біз қонақпыз мынау жалғанда
Жетейік қол ұстасып бар арманға
Бірге асамыз биік таудан да
Махаббат барда өте аламыз түрлі қиын жолдардан
Қайырмасы:
Тойла тойла бірге күліп ойна ойна
Тәтті өмірдің қызығына тойма тойма
Тойла тойла қол ұстасып жайна жайна
Өмір жалған оны да бір ойла ойла