Серуен қайда кешегі
Керуен жолдар көшеді
Есен сау бәрін жүрмісің
Жанымның бір-бір бөлшегі
Маржаны терең жасырын
Ағады өмір асығып
Тарамды тарам жолдармен
Тарыдай кетті шашылып
Ән тербеп көңіл аспанын
Шырқайық бүгін достарым
Орайын табам десең де
Оралмас қайта жас шағын
Қызғалдақ өскен белдерде
Қызығын талай тергенмін
Самал боп ессе сағыныш
Гүл болып менде тербелдім
Алыстап бүгін кеттің де
Жаныма сәуле серің де
Сендермен сүрген дәуренді
Ұмыта алған жоқпын мен
Ән тербеп көңіл аспанын
Шырқайық бүгін достарым
Орайын табам десең де
Оралмас қайта жас шағын
Ән тербеп көңіл аспанын
Шырқайық бүгін достарым
Орайын табам десең де
Оралмас қайта жас шағын