Ғалымбек Басшиев
Текст

Сен екеуміз

Ғалымбек Басшиев

Оцените песню: Голос вверх 1 Голос вниз

100%
0%
Айдан ару күннен сұлу ажары
Ерке күнім еркелігі бағалы
Сен екеуміз болайықшы бақытты
Қалқатайым қарақаттай жанары
 
Бар жұлдызы төбемізде жанғандар
Біздің бақта бұлбұл əнге салғандар
Мөлдір шашып жолымызда жүретін
Бірге жаным жетейікші арманға
Көз алдымнан сені ғана көремін
Көрінбесең өзіңді іздей беремін
Айдындағы аққулардың ішінен
Жүрегімнің таңдағаны сен едің
 
Біз бəріне бірге жүріп жетеміз
Мəңгілікке ғашық болып өтерміз
Махаббаттың пəк сезімін теңізін
Бірге кешіп өтейікші екеуміз
 
Бар жұлдызы төбемізде жанғандар
Біздің бақта бұлбұл əнге салғандар
Мөлдір шашып жолымызда жүретін
Бірге жаным жетейікші арманға
Көз алдымнан сені ғана көремін
Көрінбесең өзіңді іздей беремін
Айдындағы аққулардың ішінен
Жүрегімнің таңдағаны сен едің

Другие песни от Ғалымбек Басшиев