Жол - жетелейді арман мен мұраттарға,
Жол - жауабы жоқ алады сұрақтарға.
Сен адастырма, арманым, жол бастаған,
Үйреттің өмір сырын алғаш маған.
Сен - қиял құсым сапарға алып ұшқан,
Сен - арман ару, жаралған сағыныштан.
Сен - жас дәуренім, жүзіндей ақ алмастың,
Мөп-мөлдір кәусарыңа қана алмаспын.
Сен - арман-қиял, жетелеп жас күнімді.
Сен - ұрлап алып, кетпеші жастығымды.
Сен - қол жетпейтін тұратын сағымнансың,
Жолдардан жүріп өткен әнім қалсын