Естай Аликеев
Текст

Туған күніңмен

Естай Аликеев

Оцените песню: Голос вверх 16 Голос вниз

100%
0%
 
Сенің бүгін туған күнің,
Қуанышың мерекең.
Арта берсін,арта берсін,
Ырыс,дәулет,берекең.
Жат қызығып қарайтұғын,
Достарыңда көп екен.
Дос сүйетін,ақ жүрегің,
Пәк жүрегің,кең екен.
 
 
[Қайырмасы]
Туған күніңмен,
Туған күніңмен,
Туған күніңмен,
Біз сені құттықтаймыз.) 2-рет
 
 
Сенің бүгін туған күнің,
Ақтарылды жүректер.
Сол жүректі жарып шыққан,
Қабыл болсын тілектер.
Бүгін шаттық,бүгін дұман,
Ұзағынан жыр етер.
Жыл бойына бір келетін,
Осы күнге не жетер?