Өзің едің тірегім де
Жыр боп тұндың жүрегімде
Мені сендей түсінетін
Кім бар екен бұл өмірде?!
Күн туса да толқымалы
Толқымалы, шалқымалы
Сен ешқашан өзгертпедің
Пікіріңді мен туралы
 
 
Әнін әнге жалғасын деп
Келеді арман алға сүйреп
Менің кемем өрге жүзсе
Сен қуандың алғаш рет
Астына алып қанатыңның
Нұрын шаштың жан отыңның
Мен мұңайған кезеңдерде
Қасымда ылғый сен отырдың
 
 
Саған мәңгі борыштармын
Көңіліме қоныстандың
Азаматтық ажарыңа
Мақтау айтсам намыстандың
Жарқын қушақ жайған, айым
Сеніміңе сай болайын
Маған сенген жүрегіңнің
Дүрсілінен айналайын
 
Ескендір Қасанғалиев