Мен сені бақытым деп бағалаймын
Сендей жан сірә өзге табалмаймын
Мен жырақ кетсем егер ұзаққа
Сезімің сөнеме деп алаңдаймын
Жүзіңнен күлімдеген арай көрдім
Өзіңді періштеге балай бердім
Бейнеңді жоғалтуға қорқамынба
Көзіңнің мөлдіріне қарай бердім
Бейнеңді жоғалтуға қорқамынба
Көзіңнің мөлдіріне қарай бердім
Мазалап кірсең еді түсіме де
Мұңайғым келмейдіде күрсінгімде
От демің, шиедейін еріндерің
Жібітер тас мүсіннің жүрегінде
Жүзіңнен күлімдеген арай көрдім
Өзіңді періштеге балай бердім
Бейнеңді жоғалтуға қорқамынба
Көзіңнің мөлдіріне қарай бердім
Бейнеңді жоғалтуға қорқамынба
Көзіңнің мөлдіріне қарай бердім
Бейнеңді жоғалтуға қорқамынба
Көзіңнің мөлдіріне қарай бердім
Бейнеңді жоғалтуға қорқамынба
Көзіңнің мөлдіріне қарай бердім
Мен сені бақытым деп бағалаймын
Сендей жан сірә өзге табалмаймын