Ақ бұлттардай аппақ сезімді көрдім
Ақ сезімге айырбастап өзіңді көрдім
Өкінбедім жаным сені аңсап келгенде
Мөлдіреген-ай, мөлдіреген-ай
Мөлдіреген көзіңді көрдім
Мөлдіреген-ай, мөлдіреген-ай
Мөлдіреген көзіңді көрдім
Күдері жаураған бақта
Қарауға суретің жоқта
Өзіңді көргім келгенде
Қара жол қатайған шақта
Жүргенде жүрегім сыздай
Ерітіп жанымды мұздай
Жұлдызым оң болып,
Періштем сен болып есік аштың
Өмірдің осынау балың
Болайын арайлы таңың
Көрейін аманатым деп
Құлпырып жайқалсын бағың
Жақсылық бір адым болып
Сен разы болғайсын жаным
Мені аппақ сезіммен өмірімді өзіңмен бірге қостым
Бақытқа бір өзіңмен қадам бастым
Өмір бойы сүйем дедің сөзіңе сендім
Бақыт деген білем дедім соңынан ердім
Ақ отаудың түндігіннен нұр болып құйған
Ақ періштемсін, ақ періштемсін
Ақ періштем бақыт болып енген
Ақ періштемсін, ақ періштемсін
Ақ періштем бақыт болып енген
Күдері жаураған бақта
Қарауға суретің жоқта
Өзіңді көргім келгенде
Қара жол қатайған шақта
Жүргенде жүрегім сыздай
Ерітіп жанымды мұздай
Жұлдызым оң болып,
Періштем сен болып есік аштың
Өмірдің осынау балың
Болайын арайлы таңың
Көрейін аманатым деп
Құлпырып жайқалсын бағың
Жақсылық бір адым болып
Сен разы болғайсын жаным
Мені аппақ сезіммен өмірімді өзіңмен бірге қостым
Бақытқа бір өзіңмен қадам бастым
Мөлдіреген-ай, мөлдіреген-ай
Мөлдіреген көзіңді көрдім
Мөлдіреген-ай, мөлдіреген-ай
Мөлдіреген көзіңді көрдім
Мөлдіреген көзіңді көрдім