Ермек Меденов
Текст

Бауырлар

Ермек Меденов

Оцените песню: Голос вверх 1 Голос вниз

100%
0%
 
Бір әкеден тәлім алып,бір анадан туғандай
Кеттік біздер бауыр болып бақыт шіркін бұл қандай
Көңілдерге бұзбай қарап,құрмет қылып сыйлайтын
Жақсылығын жүз қайталап,жамандыққа қимайтын
 
Қайырмасы
Бауырлар бауырларым,қымбатсыңдар бәрің бәрің
Бауырлар,Бауырлар,Бауырлар тілек қып айтатын әнім бар
Жүректе бәріңе орын бар
Тек аман болыңдар болыңдар
 
Көрмей қалсақ сағынысып,жабырқайды жанымыз
Бас қосыға алып ұшып асығамыз бәріміз
Тағыдыр жолды мың бөлгенменен,жанымыз бір ұғынсақ
Әр тараптада жүргенменен,жұдырықпыз жұмылсақ
 
Қайырмасы
Бауырлар бауырларым,қымбатсыңдар бәрің бәрің
Бауырлар,Бауырлар,Бауырлар тілек қып айтатын әнім бар
Жүректе бәріңе орын бар
Тек аман болыңдар болыңдар