Ақылымды билеуді,
Күйіп тұрып күймеуді,
Жылып тұрып күлуді,
Сүйіп тұрып сүймеуді,
Сезімге бас имеуді
Ұнатасың ба?
Ұнатасың, ұнатасың
Ұнатамын мен де сені
Жылатасың, жұбатасың
Қалпыңменен кешегі
Жүрегіңе көнбеуді,
Жан-жараңды жеңбеуді,
Танып тұрып танымай,
Көріп тұрып көрмеуді
Сеніп тұрып сенбеуді
Ұнатасың ба?
Қайырмасы:
Аялаған ақ құсым
Қайрылмайтын қаттысың
Соның үшін, соның үшін
Тәттісің сен тәттісің.
Қарақаттай көзіңді
Көзіңдегі сезімді
Сүйем деген сөзіңді
Айтып тұрып айтпауды,
Айтқаныңнан қайтпауды
Ұнатасың ба?