Еркін Нұржанов
Текст

Ғажапсың

Еркін Нұржанов

Оцените песню: Голос вверх 18 Голос вниз

100%
0%
Сағынсам сарылтатының үшін, 
Жаһанды тарылтатының үшін, 
Жазықсыз сабылтатының үшін, 
азапсың! 
  
Жалғыз сен жұбататының үшін, 
Жұбатып жылататының үшін, 
Себепсіз ұнататыным үшін, 
ғажапсың сен! 
 
 
 
Қайырмасы:
Мезгілсіз сүйіп қалғаным үшін, 
Сезімнен күйіп жанғаным үшін, 
Өртеуде биік талғамың үшін, 
ғажапсың! 
Қарасам қарамайтының үшін, 
Жанымды жаралайтының үшін, 
Мәжнүн деп табалайтының үшін, 
азапсың! 
 
Ұмтылсам қашықтайтының үшін, 
Үздіксем асықпайтының үшін, 
Толқысам тасытпайтының үшін, 
жүмбақсың!!!
 
Халымды жаңа ұққаның үшін, 
Мен үшін жан ауыртқаның ұшын
Алаңдап, алабұртқаның үшін, 
қымбатсың сен! 
 
 
 
Қайырмасы:
Мезгілсіз сүйіп қалғаным үшін, 
Сезімнен күйіп жанғаным үшін, 
Өртеуде биік талғамың үшін, 
ғажапсың! 
Қарасам қарамайтының үшін, 
Жанымды жаралайтының үшін, 
Мәжнүн деп табалайтының үшін, 
азапсың!
 
Мезгілсіз сүйіп қалғаным үшін, 
Сезімнен күйіп жанғаным үшін, 
Өртеуде биік талғамың үшін, 
ғажапсың...