Бес күндік мынау өмірде
Жанымда менің өткізген
Жайдарлы жарқын көңілді
Бақытқа мені жеткізген
Өзіңді алғаш көргенде
Сезіміме гүл ектің
Дүрсілдеп соққан кеудемде
Иесі болдың жүректің
Динара, жарығым сенсің
Динара, жалыным сенсің
Динара, жалыным сен
Динара, таңдауым сенсің
Динара, жан-жарым сенсің
Динара, жан-жарым сен
Мынау бір жарық ғаламда
Көңіліме шаттық орнаттың
Бір бақыт берсе адамға
Сен болдың маған сол бақыт
Ажырамасын іргеміз
Аяйды дейсің кімді өмір
Жастығымыздан біргеміз
Қартайғанымша бірге жүр
Динара, жарығым сенсің
Динара, жалыным сенсің
Динара, жалыным сен
Динара, таңдауым сенсің
Динара, жан-жарым сенсің
Динара, жан-жарым сен