Тағдырым сені бағыма бергенде
Таңым боп өзің жүрекке енгенде
Аңсатқан жүзің арман боп барады
Бұл шақтың шуағы сөнгенде
Сағыныш қалды кеудемде
Қайырмасы:
Жанымда мұң қалды
Жазылмай сыр қалды
Ұмытпас бұл мәңгі күндер еді
Сенде енді бөтенсің
Қайда жүр екенсің
Арманым болып өтерсің
Арманым болып өтерсің
Шаттанып жүрген алаңсыз шағымда
Бір өзің едің бағым мен барымда
Айдың жүзінен іздемдей жан әнім
Айналдым неліктен сағымға
Елесің қалды жанымда
Қайырмасы:
Жанымда мұң қалды
Жазылмай сыр қалды
Ұмытпас бұл мәңгі күндер еді
Сенде енді бөтенсің
Қайда жүр екенсің
Арманым болып өтерсің
Арманым болып өтерсің