Ашып айтар едім ұғынсаң
Сөзімнің мәндерін
Алыстым талай алысып мен сезіммен
Орындасам деймін бір сенің армандарыңды
Ұмытып кетіппін армандарымды өзімнің
Сағынып кейде іздеп барсамда таба алмай
Сезімің лезде еріп кеткенбе ақ қардай
Біз кездескен көшедегі сол қиылыс
Үнсіз бірақта сені сұрап тұрғандай
Сезімдеріңді сездірмедің ашып бір
Бақыт шіркін мені көрсе қашып жүр
Жазады қалам амалсыздан дәптерге
Ал дәптерім кілең тоған ғшық жыр
Есіңе алшы есіңе алшы сол күнді
Мен гүл сыйлаған сол бір жаңбырлы түнді
Есігіңе қыстырып кетіп едім үш тал гүл
Иіскесем елестетеді күлкіңді
Ойлаумен сені түнімді жалғап таңдарға
Бақытым едің шектеу барма арманда
Сол кездесу сол қып қызыл раушан гүл
Саған сыйлап сезім ашалмай қайтқанда
Махаббаттың шырынына қандыңба
Арман едің арман болып қалдыңба
Өткен күндер оралмайды--ау дегенмен
Сол күндерді бір сәт еске алдыңба
Кім ойлаған кім ойлаған сағынарымды дәл бұлай
Талай талайды сағындырған бұл өмір-ай
Алысқа кеттің жақындар салып араға
Сағынып тұрып көре алмаудың қиынын-ай
Бақытым сенсің болашағым деп жүруші едім
Сабақтан кейі жолыңда тосып тұрушы едім
Үндемеуші едің жымиып тұрып жай ғана
Жүрек сөзіңді көздеріңнен ұғушы едім
Сағынған көңіл бір көрсем деп өзіңді
Үнсіз кетіп ем айта алмай соңғы сөзімді
Белгісіз болсада дәл қазір жай күйің
Таңдар атқызып бір сәт ілмей көзімді
Адасып жүргендеймін сезімнің мынау бағында
Армандаймын кейде бір сәт болсам деп жаныңда
Өрт жалын сезім сөнер қашан белгісіз
Үнсіз жоғалып кіләлі болдым алдыңда
Асулардан биік еді арманым
Көңіліме қаяу салды арманым
Армандарымды орындасам ғой шіркін
Қалмас еді менің сонда арманым
Армандап дәл осылай жүре беру
Қиялдап құр өмір сүре беру
Мүмкін емес жаным мүмкін емес
Болама дәл бұлай ғашық болу
Арада бар көпір аттап өту
Мүмкін емес жаным мүмкін емес