Ерасыл Бозаев
Текст

Көзінің мөлдірін-ай

Ерасыл Бозаев

 
Барады ай ауылым көшіп қызыл жарға
Таң атар шолпан туып сызылғанда-ай
Көзіңнің мөлдірін-ай!
Осы әнге қоңырлатып сала берем
Көңілім сені ойлап бұзылғанда-ай
Көзіңнің мөлдірін-ай!
 
Қайырмасы
Құлындай жүйрік майда жал-ай
Бармекен біздердей ынтызар-ай
Ішінде топ қарағай уәделескен
Көзіңнің мөлдірін-ай!
 
Не қалды ау қарайғанда қамыс қалды ау
Ауылы қалқадайдың алыс қалды-ау
Көзіңнің мөлдірін-ай
Ауылың алыс қалды-ау қарай қарай
Қайырылып қаршығадай мойның талды-ау
 
Қайырмасы
Құлындай жүйрік майда жал-ай
Бармекен біздердей ынтызар-ай
Ішінде топ қарағай уәделескен
Көзіңнің мөлдірін-ай!