Алғашында үнсіз көз салу
Одан кейін оған хат жазу
Әрбір жүрек толқыған сәтте
Жақсы көру сүйу қызғану
Есіңде барма сол бір бала
Қараған сәттері ұрлана
Ең әдемі сезім
Маған сенің
Күлімдеген кезің
Есіңде барма сол бір бала
Әрқашан болатын жаныңда
Бұл менің алғашқы
Жақсы көрген кезім
Қандай тәтті ұнату деген
Ұнату ол сүйген жүректен
Жаныңдағы әр күнім өткен
Бақытқа толы қандай көркем