Еділ Майзақов
Текст

Жан жүрегім

Еділ Майзақов

Оцените песню: Голос вверх 5 Голос вниз

100%
0%
Асыл бағым жасыл бағым
Сезім толы жүрегімдегі
Енді мәңгі қасыңдамын
Сыңарым сен бұл өмірдегі
Ән боп күнде аялайын жаным
Таң боп бірге оянайын жарым
 
Бір жүректің бір жүрекке керек екені
Бастауы бұл аппақ арманның
Жаным десең жан жүрегім елең етеді
Сертіңді де сақтап алғанмын
Тек өзіңе тым аяулым бөлек екені
Қылығыда тәтті адал жардың
Келін деген аты қандай керемет еді
Ақ босаға аттаған жанның
 
Жарығым тілегіміз жүрегіміз
Бір өмірге қадам басқандай
Ақ махаббат тірегіміз
Тәңір бізді адал қосқандай
Ән боп күнде аялайын жаным
Таң боп бірге оянайын жарым
 
Бір жүректің бір жүрекке керек екені
Бастауы бұл аппақ арманның
Жаным десең жан жүрегім елең етеді
Сертіңді де сақтап алғанмын
Тек өзіңе тым аяулым бөлек екені
Қылығыда тәтті адал жардың
Келін деген аты қандай керемет еді
Ақ босаға аттаған жанның