Еділ Майзақов & Дина Мырза
Текст

Сені көремін

Еділ Майзақов & Дина Мырза

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

Қалай қарасамда сені көремін
Былай қарасамда сені көремін
Көзімді жұмсамда, айға қарасамда
Қайда қарасамда сені көремін
 
Бақ гүлім менің ақ жүзің сенің
Жүректі жаулап алғандай
Ажарың айдай аруым пай-пай
Сен жайлы жүрмін көп ойлай
Шығарма естен кездескен кештен
Бір сезім лаулап жанғандай
Өзіңді көрген қос жанарымда
Өзгені көрмей қалғандай
 
Қалай қарасамда сені көремін
Былай қарасамда сені көремін
Көзімді жұмсамда, айға қарасамда
Қайда қарасамда сені көремін
 
Тәп тәтті сөзің мөп-мөлдір көзің
Көңілді шіркін аулайды
Келбетің көркем қырдағы өскен
Қызғалдақ гүлден аумайды
Гүлгеде теңеп күнге де теңеп
Жан жүрегімді баурадың
Ойламай сені өтпейді күнім
Сағанда күндер жаулады
 
Қалай қарасамда сені көремін
Былай қарасамда сені көремін
Көзімді жұмсамда, айға қарасамда
Қайда қарасамда сені көремін

Другие песни от Еділ Майзақов & Дина Мырза